Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ынтымақтастық туралы кезекті екіжақты келісімге қол қойылды

Ынтымақтастық туралы кезекті екіжақты келісімге қол қойылды

Жұбанов университеті мен ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті арасында ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге  қол қою рәсімі өтті.

Оған университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Сыздықов бастаған департамент өкілдері қатысты.

Екіжақты кездесу барысында университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков қонақтарды жылы қарсы алып,   университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Кездесу барысында сөз сөйлеген  полковник Бауыржан Мәдиұлы университет басшылығының жылы қабылдауына ризашылық көңілін білдіріп, «өзгелерге үлгі боларлық бүгінгі екіжақты келісім оң нәтижесін береді деп сенемін», — деді.

Бұл ынтымақтастықты орнату Ақтөбе облысының өртке қарсы және құтқару қызметтері бөлімшелері мен азаматтық қорғаныс саласындағы білім беру мекемесінің интеллектуалдық әлеуетін ескере отырып, кәсіби кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында жасалды.

Өткізілген кездесу нәтижесінде қос тарап басшылары ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар департаменті мен Жұбанов университеті арасында ынтымақтастық туралы екіжақты келісімге  қол қойды.