Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Дизайн студенттер 150 шараны насихаттауға қатысты

Дизайн студенттер 150 шараны насихаттауға қатысты

Жұбанов университетінің «Дизайн» мамандығының студенттері Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық тойы аясында қолға алынған «150 игі іс» акциясында Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасының қабырғаларын суреттермен безендірді.

«Дизайн» кафедрасының студенттерінің шығармашылық ғылыми жобасы Жұбанова университеті мен Астана қаласы әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты — студенттерді шығармашылық жобалық қызметке тарту және жастарды әлеуметтік салада шығармашылық жобаларды дамытуға және іске асыруға қатысуға ынталандыру.
Аталмыш жоба аясында «Дизайн» мамандығының 3-курс студенттері Риза Ұлықпанова мен Дамира Жаңабаева жобаға қатысуға ниет білдірді. Жобаға қатысқан жас дизайнерлер акрилді бояулар көмегімен қабырғаға түрлі-түсті суреттер салды. Университет дизайнерлері қабырғалардың дизайнын жобалауды өздері ұсынып, бос уақытында оларды іске асырумен шұғылданды.
«Жұбанов университетінің студенттері «Оториноларингология» кафедрасының бірінші бөлімі жобасында қайырымдылық акциясын өткізді. Менің ойымша, бұл балалардың психологиялық жағдайына жағымды әсер етеді. Мен осы жұмыста бар күш-жігерін салған студенттер мен оқытушыларына алғысымды білдіргім келеді», — деді, балалар ауруханасының директоры Ерлан Пангереев.Сондай-ақ, аурухана қызметкерлері жас дизайнерлердің жұмыстарына оң бағасын беріп, алғыстарын жеткізді.