Среда, Апрель 24, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Балаларға — базарлық

Балаларға — базарлық

Балаларға — базарлық! Жұбанов университетінің екі  студенті балалар ауруханасының қабырғасына сурет салып, әшекейлеп берді. Болашақ дизайнерлер мұны Ақтөбенің 150 жылдығына арнап отыр. Түрлі түске боялған қабырға балалардың көңілінен шықты.
Риза Ұлықпанова мен Дамира Жанабаева болашақ дизайнелер. Жұбанов университетінде оқиды. Сабақтан кейін екеуі ауруханаға келіп, кеш қарайғанша сурет салып жүр.

Ғылыми-шығармашылық жоба университетте мақұлданған. Ал, оны ауруханада іске асыруға Астана ауданының әкімдігі қолдау көрсетіпті. Түрлі-түсті бояулар аурухана ішін көңілді етіп жібергендей. Дәрігерлер бұл науқастардың денсаулығына оң әсер етеді дейді.

Мұндай жоба ақтөбелік медицина ұйымдарында алғаш рет іске асып отыр. Бұған дейін бірде-бір аурухана қабырғасында суреттер болған емес.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/balalarga-bazarlyk-47