Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің бас ғимаратында кітап көрмесі басталды

Университеттің бас ғимаратында кітап көрмесі басталды

2017 жылдың 13 қыркүйек күні Жұбанов Университетінің Ғылыми кітапханасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты екі аптаға созылған кітап көрмесі басталды.

Аталмыш көрмені университеттің профессорлық-оқытушылқ құрамы мен студенттер тамашалады. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «Қалың елім қазағым», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Жолдауы, «Стратегия — 2050» еңбектері қойылды.

Сонымен қатар, көрмеде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген 20 томдық «Әдеби жәдігерлер» және «Бабалар сөзі» ұлттық мәдениетіміздің тарихын қайта жаңғыртатын әдебиеттер кездеседі.

Сондай-ақ, көрмеде лингвист-ғалым Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулері», Қ.Кудеринованың «Қазақ жазуының теориялық негіздері», «Түркітануға кіріспе» сияқты т.б. кітаптар да кездеседі.

Көрмеге «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Ақтөбе облысының энциклопедиясы, тарихы, киелі жерлері, батырлары, географиясы, әдеби антологиясы туралы кітаптар қойылды.

Аталмыш кітап көрмесіне 100-ге жуық кітаптар қойылды, көрме қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.