Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Аурухана қабырғаларына сурет салынды

Аурухана қабырғаларына сурет салынды

Биыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген облыстық аурухананың  ЛОР бөлімшесінде 20-ға жуық бала ем алуда. Қолға алынған шара сол балғындардың көңілін көтеру үшін ұйымдастырылған. Өйткені жаны жабырқаған балаларға аппақ қабырғаны емес, өздерінің сүйікті кейіпкерлерін көріп, тамашалаған қызық.

— Университет жастарының аурухана дәліздеріне сурет салу ұсынысын қуана қабылдадық. Себебі бұл балаларға психологиялық тұрғыда да жақсы әсер етіп, қуаныш сыйлайды, — дейді Ақтөбе медицина орталығы балалар стационарының директоры Ерлан Сұлтангереев.

Аурухана қабырғаларына сурет салған студенттердің бірі Риза Ұлықпанова бұл шараға өз еркімен қатысқанын айтады. Табиғаттың әсем көрінісін бейнелеген суретші осы арқылы ауруханадағы науқастарға көмектескісі келгенін айтады.

— Біз суреттердің дизайнын ойластырғанда бояулардың түстерін зерттей отырып, балалардың қабылдауына мән бердік. Сурет салу барысында сары, жасыл, көк сияқты ашық түстерді араластырып қолдандық. Бұл бояулар ылғалға төзімді әрі иіссіз және экологиялық жағынан таза болып келеді. Суреттерді екі-үш аптаның ішінде сабақ уақытынан тыс кездері салып бітірдік, — дейді ол.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК

http://www.aktobegazeti.kz/?p=75011