Вторник, Сентябрь 29, 2020
Басты > Жаңалықтар > Шетелдік ғалым дәріс өткізеді

Шетелдік ғалым дәріс өткізеді

Жұбанов университетінде шетелдік білікті мамандарды тартуға арналған жоспар бойынша сәуір айының 8-30-ы аралығында  жаратылыстану ғылымдарының  профессоры Ганчо Тодоров Ганчев Экономика және құқық факультеті мен кәсіби-шығармашылық  факультетінің студенттеріне арнайы дәріс оқиды.  Ғалым өз дәрістерінде студенттерді халықаралық қаржы саласындағы мәселелермен таныстырады.

Профессор Ганчев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Ұзақ жыл бойы Болгар ғылым академиясының Халықаралық қатынастар институтында жұмыс жасаған. Сонымен қатар Ганчев Францияның Нэнси қаласындағы Еуропалық университет орталығын бітірген. Экономикалық бағдарламалау және даму агенттігінің төрағасы, экономикалық мәселелер бойынша премьер-министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Болашақ ғалым Ганчев Болгарияның оңтүстік-батыс университетінің экономика факультетінің деканы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Оңтүстік-Батыс университетінің Эконометрика зертханасының меңгерушісі. 170-тен астам ғылыми жарияланымдардың авторы, көптеген Болгар және халықаралық ғылыми журналдардың редакциясының мүшесі.

Айта кетейік, шетелдік ғалымның дәрістері  30 сәуірге дейін жалғасады.