Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылым апталығының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Ғылым апталығының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

 Жұбанов университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында студенттердің ғылым апталығында «Ғылым қайнары – 2019» ғылыми жоба байқауы мен «Жыл үздігі» байқауының жеңімпаздарын марапатталды.

 Айта кететін жайт, «Жыл үздігі» байқауы бойынша «Үздік факультет» пен «Үздік кафедра» номинация жеңімпазының ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті зертхана құрал-жабдықтары сатып алынатын болады. Ал, «Үздік ғалым» пен «Үздік жас ғалым» номинация жеңімпазына бір айлық жалақы, «Үздік магистрант» пен «Үздік студент» номинация жеңімпазына бір айлық стипендия тағайындалды. «Ғылым қайнары» ғылыми жоба байқауының жеңімпазына ғылыми-зерттеу жұмысын дамытуға қажетті түрлі қолдаулар жасалатын болады.

«Ғылым қайнары – 2019» ғылыми жоба байқауы

1 орынАзамат Бурумбаев (6М070900 – Металлургия, 1 курс)

Жоба атауы: Оценка ТЭП переплава пыли от дробления высокоуглеродистого феррохрома на ВУФХ в дуговой печи постоянного тока типа ДППТ-1.

Ғылыми жетекшінің аты-жөні: тех.ғ.к, доцент Келаманов Б.С., техника ғылымдарының магистрі А.А.Ерсайынова

2 орынАсхат Романқұлов (6М060200 – Информатика, 1 курс);

Жоба атауы: Сандық бағдарламалық басқару көмегімен лазерлік оюлау мен кесуді модельдеу.

Ғылыми жетекшінің аты-жөні: ф.-м.ғ.к., доцент М.М.Ерекешева

3 орынМейрамбек Сайлауов (5В070900 – Металлургия, 3 курс)

Жоба атауы: Разработка технологии выплавки низкоуглеродистого ферромарганца с использованием бедных марганцевых руд и комплексного алюминий-кремний-марганец содержащего сплава.

Ғылыми жетекшінің аты-жөні: техника ғылымдарының магистрі Д.А.Есенгалиев

 

«Үздік ғылыми үйірме» байқауы

Бас жүлде – Студенттік клуб «24 Element» (Техникалық факультет);

1 орын – Өсімдіктер әлемі (Жаратылыстану факультеті);

2 орын – IT Club (Физика-математика факультеті);

2 орын – MidMar маркетингті дамыту орталығы (Экономика және құқық факультеті);

3 орын – Турист және өлкетанушы (Тарих факультеті);

3 орын – Көптілдік білім беру жағдайында лингвистика және аударманың өзекті мәселелері (Шетел тілдері факультеті);

3 орын – Қолданбалы көркем өнер шығармашылығы және компьютерлік графика (Кәсіби шығармашылық факультеті).

 

«Үздік студент – 2018» номинациясын 5В060400 – Физика мамандығының 3-курс студенті – Тұмар Мұхамбетжан иеленді.

«Үздік магистрант – 2018» номинациясын 6M060400 – Физика мамандығының 2-курс магистранты Бегдулла Сүлейманов иеленді.

«Үздік жас ғалым – 2018» номинациясын техникалық факультеттің  металлургия және тау-кен ісі кафедрасының доценті, т.ғ.к. Бауыржан Келаманов иеленді.

«Үздік ғалым – 2018» номинациясын филология факультетінің профессоры, ф.ғ.д. Сабира Исакова иеленді.

«Үздік кафедра – 2018» номинациясын «Мектепке дейінгі және арнаулы білім» кафедрасы иеленді.

«Үздік факультет – 2018» номинациясын физика-математика факультеті иеленді.

Құттықтаймыз!