Вторник, Январь 31, 2023
Басты > БАҚ біз туралы > Жас ғалымдардың жетістіктері

Жас ғалымдардың жетістіктері

Озық ойлы, ұшқыр қиялды  ізденімпаз жас ғалымдар Ақтөбеде бас қосты. 15-ші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция   Рухани жаңғыру бағдарламасы мен Жастар жылы аясында өтіп жатыр.
Мобильді қосымша, ақпараттық басылымдар дерекқоры, биотыңайтқыш өндіру жобасы, қолданбалы  көркем өнер шығармашылығы. Жас ғалымдардың конференциясы инновациялық жаңалыққа толы болды. Болашақ физиктер, биологтар, филологтар, суретшілер керемет жобаларын ғылыми көрмеде ұсынып, көпшілікті таңқалдырды.  Ғылыми жетістіктер көрмесіне 100-ге тарта жұмыс қойылды.
Өңірлік университет жыл сайын сәуірде дәстүрлі ғылым апталығын өткізеді. Апталық аясында  200-ден астам ғылыми шара ұйымдастырылды.  Мақсат анық: жастардың ғылыми және зияткерлік әлеуетін дамыту. Мәселен, физика факультетінің студенті Бегдулла Сүлейменовтың ғылыми-зерттеу жұмысы «Скопус» ғылыми журналына енген. Ал, Ресейде өткен «Адам-жер-космос» ғылыми жобалар байқауында жастарымыз жүлделі орындарды жеңіп алды. Белсенді жастар  «Ақтөбе-Атақоныс»  бағдраламасы аясында шетелдегі қазақтарды Отанға тарту  бойынша істерді қолға алды.
«Жастар, ғылым және инновация» атты 15-ші ғылыми-тәжірибелік конференцияға Нұр-Сұлтан, Павлодар, Алматы, Орал, Атырау қалалары мен Ресей, Өзбекстаннан 600-ден астам жас ғалым қатысты.

Венера Серғазы

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhas-galymdardyn-zhetistikteri