Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Дипломмен ауылға!

Дипломмен ауылға!

Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде оқу орнын биыл бітіретін жастар аудандардағы әкімдіктерден келген өкілдермен кездесті. Жиынға Әйтеке би және Ойыл аудандарының әкімдері келді. Өзге аудан әкімдері орынбасарларын жіберген. Жұбанов университетінде Ойыл ауданының 22 тумасы биыл дипломдарын қолдарына алады. Дастан Сагиров олардың мемлекеттік қызметке құжат тапсырып көруіне болатынын айтты. Арнайы тестілеуден өтсе, қызметке алынады. Аудан әкімдігінде қазір 12 бос орын бар екен. Жастар болса, университет қабырғасынан шықпай жатып еңбек өтілін уайым қылады. Расында мекемелердің осы бір талабы көп жастың болашағына балта шауып отыр. Педагогтар мен жергілікті басқару факультетінің түлектері жұмыс табар. Техникалық мамандық бітіргендер қайда барады?-, дейді болашақ мұнайшы. Кездесу «ашық микрофон» форматында өткендіктен залға жиналған бітіруші студенттер жұмысқа қатысты өздерін мазалайтын сұрақтарын қойды. Аудан әкімдіктері ауылға келіп, қызмет етемен деген жасқа қолдау жасаймыз деп отыр.

http://www.rikatv.kz/kz/news/diplommen-auyl-a.html