Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру — ұлт болашағы» атты тақырыпта Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Облыстық этномәдени бірлестік өкілдері, кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен отырыстың мақсаты — ұлттық бірегейлікті сақтап, ел ішінде бейбітшілік пен келісімді үйлестіре отырып, бәсекеге қабілетті, табысты ел болуды насихаттау.

Жиынды ашқан кеңес төрағасы Сергей Вишняк, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығына тоқталып өтті.

Бұдан соң философия ғылымдарының кандитаты, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің аға оқытушысы Нұрбек Нұрғалиев «Қазақстан қоғамындағы прагматизм философиясы» тақырыбында баяндама жасаса, философия ғылымдарының кандидаты Дмитрий Мацюк рухани жаңғырудың қазақстандық қоғамның тұрақтылық факторы ретіндегі орнын айтты.

— Осыдан екі жыл бұрын жарияланған Елбасының бағдарламалық мақаласы халыққа дер кезінде жол тартты деп білемін. Өйткені рухани жаңғыру мәселесі бүгінгі қоғам үшін өте маңызды. Бұл бағыттағы мақсатымыз айқын, әрине, ол — әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу.

Осы ретте рухани патриотизммен сапалы білімге ұмтылған қазақ жастарының санын арттыру да біздің басты мақсатымыздың бірі. Бұл бағытта біздің кеңес түрлі кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырып келеді, — деді кеңес отырысына қатысқан Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мүшесі Маржан Бақтыгереева.

Жиынды қорытындылаған кеңес мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан кез келген істің еліміздің келелі келешегі жолында жасалып жатқандығын айтып, жұмыстарды бірлесе жасауға шақырды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

http://www.aktobegazeti.kz/?p=75064