Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ағылшын тілінен өткен білім бәсекесі

Ағылшын тілінен өткен білім бәсекесі

Жұбанов университетінде  ҚР Тңғыш Президентінің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Жастар жылы» аясында әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаменті және шетел тілдері факультетінің ұйымдастыруымен «Ел болашағы – жастар» атты ағылшын тілінде облыстық пікірталас турнирі өтті.

Облыстық турнирге 10 команда қатысты. Командалар қатарында Назарбаев зияткерлік мектебі, Шалқар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі, №2 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы, №39 мектеп, №21 мектеп, №25 мектеп, №26 мектеп, №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясы, №9 мектеп-гимназиясы, Шалқар қаласының №2 мектеп-гимназиясы, Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп болды.

Пікірталаста еліміздің болашағына қатысты өзекті тақырыптар қозғалып, оқушылар өз пікірлерін ағылшын тілінде ойларын ортаға салды. Пікірсайыс Британ парламенті форматында өтті.

Турнир нәтижесі бойынша 1-орынды Назарбаев зияткерлік мектебі, 2-орынды №21, №25 және №9 мектептері, 3-орынды Шалқар қаласының №2 мектеп-гимназиясы және Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің  оқушылары иеленді. Университет әкімшілігі жеңімпаздарға 1-орын иелеріне 100 пайыз, 2-орын иелеріне 50 пайыз, ал 3-орын иелеріне 25 пайыздық бір жылдық оқу ақысына жеңілдіктер табыстады.

Шетел тілдері факультеті