Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жастар игі іс басында

Жастар игі іс басында

Жұбанов университетінің  Жаратылыстану факультетінде Ақтөбе қаласының 150 жылдығы мен ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен  «Жастар жылы» аясында  «Жастар форматы» фестивалі басталды.

Жастар жылының «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты ашылуында Елбасы жастардың жасампаздығы мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап, еліміздің барлық елді мекендерін, қалалар мен ауылдарды көгалдандыруды көздейтін «Жасыл қала – жасыл ауыл» бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Жұбанов университеті аталған бастаманы қолдап, Ақтөбе қаласының әкімдігінің Қалалық жастар ресурс орталығымен бірлесіп қалаға 150 ағаштарды отырғызды. Сондай-ақ, бұл  бастамалар Бестамақ ауылдық округінде де жалғасты.

Таңертең ерте мыңдаған қала тұрғыны қолдарына сыпырғыш пен күрек ұстап сенбілік шықты. Осылайша, олардың қатарында университет студенттері мен қызметкерлері қаланы жинауға және көгалдандыруға өз үлестерін қосты.  Сенбілік барысында жаңадан жас көшеттер отырғызылып, облыс орталығы мен барлық аудандарда жасылдандыру шаралары қолға алынған. Бұл шараға қала әкімі Ілияс Испанова та қатысты және  университеттің  белсенді студенті Әділет Төремұраттың бастамасымен факультеттен 350 ерікті студенті мен 30-дан астам профессорлық-оқытушылық құрам  қатысуға  ниет білдірген.

Жаратылыстану факультетінің студенті Әділет Төрмемұрат барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, барша жастарды қала өміріне белсене араласуға шақырды. «Бүгін біз 150  ағаштарды отырғыздық. Осынау шараға келіп қатысып жатқан Жұбанов университетінің ұжымы мен студенттеріне алғыс білдіре отырып, бұл науқанға белсене қатысуға шақырамын.  Жастар жылында біздер тек биікке ұмтылып, қаламыздың көркеюіне үлес қосуымыз керек», — дейді университет студенті.