Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде Халықаралық форум басталды

Жұбанов университетінде Халықаралық форум басталды

Бүгін Жұбанов университетінде екі күнге созылған  «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін білім сапасымен қамтамасыз ету менеджменті» халықаралық форумы басталды.

Аталмыш форум Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін білім сапасымен қамтамасыз ету менеджменті, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының тәжірибесін негіз ете отырып жоғары білім беру әлеуетін арттыру, тиімді серіктестік құру мақсатында ұйымдастырылды.

Форумға Ақтөбе  облыстық әкімшілігі, отандық және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының өкілдері, дипломатиялық ведомстволардың өкілдері, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен өндірістік компания өкілдері, қазіргі заманғы әлеуметтік технологиялар бойынша сарапшылар, республикалық және өңірлік деңгейдегі қоғамдық қызметті дамыту жөніндегі жетекші орталықтардың өкілдері қатысуда.

Халықаралық форум аясында Қазақстанның жоғары білім жүйесіндегі білім сапасын тұрақты түрде дамытуға жағдай жасау жөнінде ұсыныстар жасалып, пікірталастар өткізіледі; білім беру сапасын дамытуға қатысты сарапшылық деңгейде баға берілетін пленарлық отырыстар, дөңгелек үстелдер, тақырыптық пікірталас алаңдарын өткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Қазақстанда білім беру сапасын арттыру стратегиясын бірлесіп әзірлеуге қатыса отырып, әріптестік қарым-қатынастар орнату, білім сапасы менеджментінің  озық тәжірибелерімен бөлісетін Ресей, Белорусь, Польша, Түркия, Болгария, Қытай және Корей елдерінің  т.б. ғалымдары мен сарапшыларының қатысуымен кездесулер, семинарлар өткізу жоспарланып отыр.