Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Жасыл желекті Жұбанов» ағаш егу акциясы басталды

«Жасыл желекті Жұбанов» ағаш егу акциясы басталды

Жастар жылының «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты салтанатты ашылуында Елбасы жастардың жасампаздығы мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығын атап, еліміздің барлық елді мекендерін, қалалар мен ауылдарды көгалдандыруды көздейтін «Жасыл қала – жасыл ауыл» бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.  

Жұбанов университеті аталған бастаманы қолдап, «Жасыл  желекті Жұбанов» ағаш егу акциясын ұйымдастырды. Ағаш егу акциясы университеттің сәулеттік келбетін жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру, қоршаған ортаның таза болуына атсалысуға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған акция асында  университет әкімшілігі мен университет студенттері оқу ордасының аумағында  көшет егу шарасына үлестерін қосты.   Акцияға үлес қосушылар игі іске аса жауапкершілікпен қарап, университет аумағында 200-ге жуық көшет отырғызды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, берекелі істің бұл басы ғана. Бір ай ішінде университетте көктемгі абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүрзіледі. Сонымен қатар оқу ордасының ұжымы мен студенттері бұл шараға қатысып, өз үлестерін қосуға болады.