2019 жылдың сәуір айының 8-22 аралығында Жұбанов университетінің физика-математика факультетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің оқытушылары п.ғ.к, доцент Гулаш Рахметқызы Кощанова мен ф.-м.ғ.к. Лидия Оңғарбайқызы Таймұратова сабақ өткізуде.
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің доценті Гулаш Рахметқызы «Математика» мамандығының магистранттары мен студенттеріне жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша бағалаудың өлшемдік технологиялары, математиканы оқытудағы инновациялық технологиялар, орта мектептердегі бейіндік кластарда математиканы оқытудың әдістемесі бойынша дәрістер оқуда.
Ал, «Физика» мамандығының студенттеріне жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша ф.-м.ғ.к. Лидия Оңғарбайқызы физиканы оқытудағы инновациялық технологиялар мен бағалаудың өлшемдік технологияларының қыр-сырын үйретуде.
Оқытушылар сабақтарында «Оңай және қиын сұрақтар кестесі», «Аталаулар туралы үш сұрақ», «Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою», «Үш қадамды сұхбат» тәсілдерін қолданып, лекция, пікірталас лекциясы, лекция-консультация, лекция-пресс-конференция түрлерінде өткізуде.
Оқуытушылар дәрістер оқу барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығын мен ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттыруға үлес қосты.