Вторник, Июнь 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > «СТУДЕНТ-ТҮЛЕК-МАМАН» республикалық форумы басталды

«СТУДЕНТ-ТҮЛЕК-МАМАН» республикалық форумы басталды

Жұбанов университетінде «СТУДЕНТ-ТҮЛЕК-МАМАН» республикалық форумы басталды. Республикалық форум Елбасының «Жастар жылы» аясында Қазақстан жастарын сапалы білім беру, жастарды жұмыспен қамту және дуальді білім беру мәселелеріне арналады.

Аталмыш шараға  Қазақстанның 12 жоғары оқу орындарының өкілдері, Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері, өндірістік кәсіпорындар, облыстық және қала әкімдігі қатысады.

Форум девизі: «Мен өз мамандығымның шебері болу арқылы мансабыма қол жеткіземін!»

Форум аясында  «Жұбанов университеті» студенттері жетістіктерінің көрмесі, пленарлық және секциялық мәжілістер, «Үйрен-бөліс» кабинетінің  ашылуы, пікірталастар, университеттік турлар және ойын-сауық бағдарламасы өтеді.  Форум қатысушылары үшін Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері шеберлік сабақтарын өткізеді.

Форумның жабылу салтанаты Студенттер сарайында форумның Үндеуі, сертификаттар табыстау рәсімімен жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласады.