Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > Форумдағы жастарға арналған жоба

Форумдағы жастарға арналған жоба

Болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуының кепілі ретіндегі сапалы білім, өзбетінше ізденіс, ғылыми-зерттеу жобалары, өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктері, жаңашылдық пен креативтілік деңгейлерін көрсету мақсатында ұйымдастырылған республикалық форум  аясында «Үйрен-бөліс» жобасы өтті.

Жұбанов университетінде өткен аталмыш жоба аясында 4 алаң жұмыс жасап, оған Қазақстанның 12 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.  Форум қатысушылары үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері арнайы  шеберлік сабақтарын өткізді.

«Үйрен-бөліс» жобасы «Тепе-тең» диалог форматындағы ойлары, «Тәжірибеге бағытталған білім» кейс-шешімдер, «Мүмкіндіктер трансформациясы: идея, нәтиже»   кейс-шешімдер, «Болашақ маман: жаңашылдық, шығармашылдық, мансап» дебат форматында өтті. Оған 300- ге жуық студент қатысты.

Айтa кетсек, Жұбанов университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі жоғары білікті педагогтар дайындау бағытында өзара ынтымақтастықта қызмет етуде.  Соның бірі, жаңартылған білім мазмұны негізіндегі «Үйрен-бөліс» жобасы аясында Назарбаев Зияткерлік мектебі Жұбанов студенттері  үшін қолдау көрсетеді.

Қазіргі таңда серіктестігіміздің арқасында «Физика», «Математика», «Информатика», «Биология», «Химия» және «Шет тілдері»  мамандықтарының студенттерінің интеллектуалды дамуына, жаңартылған бағдарлама бойынша кәсіби бағдарлануына, әдіскерлердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасалуда. Нарық сұранысына сәйкес Жұбанов университетінің білім беру үдерісіне 28 мамандық бойынша 55 білім беру траекториясы енгізілді. «Университет-мектеп» жобасы аясында облыстық мектептерде 47 филиал ашылды. 30 мамандық бойынша қосарлы білім беру элементтері енгізілді, 29 өндірістік базада 37 пән өткізілді. «Физика», «Математика», «Информатика», «Биология», «Химия» және «Дефектология» мамандықтары бойынша көптілді топтар ашылып, 32 студент білім алуда.

Форум аясындағы өткізілген «Үйрен-бөліс» жобасында студенттер зерттеу жобаларын дайындауда бір-бірімен идеялар мен инновацияларды жүзеге асырудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Форумның жабылу салтанатында форумның Үндеуі жарияланып, сертификаттар табыстау рәсімі өтеді. Шара соңы  концерттік бағдарламамен жалғасады.