Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жастар саясаты > Жұбанов Университетінің 6 студенті бір реттік шәкіртақымен марапатталды

Жұбанов Университетінің 6 студенті бір реттік шәкіртақымен марапатталды

«Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Мұғалжар ауданының күндеріне арналған бірнеше шаралар өтті. Жұбанов университетінде өткізілген шара барысында Мұғалжар ауданы әкімі, университет түлегі Ербол Данағұлов Мұғалжар ауданынан оқуға келген үздік филология факультетінің 3-курс студенті Мейрамгүл Ораз, филология факультетінің 2-курс студенттері Жұлдызай Қалиғұлла, Аружан Тұрғанбай, кәсіби-шығармашылық факультетінің 2-курс студенті Айдана Абилкаримова, кәсіби-шығармашылық факультетінің 4-курс студенті Әділхан Убайдолла, кәсіби-шығармашылық факультетінің 3-курс студенті Шыңғыс Мырзақановтарды бір реттік шәкіртақымен марапаттап, сертификатын табыс етті.

Жұбанов Университеті өз түлектерін мақтан етеді. Университет ұжымы Мұғалжар ауданы әкімшілігіне студенттер атынан үлкен алғыс білдіріп, әріптестіктігіміз жалғасын табады деген тілегін жеткізеді.

Марапатқа ие болған студенттерімізді құттықтаймыз!