Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жастар саясаты > Ырғыздағы қос жүлде

Ырғыздағы қос жүлде

2017 жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында өткен облыстық ХХІ «Аймақты әнмен тербетіп…» атты өнер мерекесінде Жұбанов Университеті кәсіби-шығармашылық факультетінің музыкалық білім мамандығының 4-курс студенті А.Тәжмағамбетова эстрадалық ән жанры бойынша ІІ орын иеленді. Музыкалық  білім  мамандығының  2-курс студенті Теңел Омаров дәстүрлі ән жанры бойынша ІІІ орын жеңіп алды.

Сонымен қатар, осы мамандықтың 1-курс студенті Ерасыл Болатұлы аталмыш өнер мерекесінің Алғыс хатымен марапатталды. Студенттерімізді жүлделерімен құттықтай отырып, алда да биіктерді бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз!