Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > Жаңалықтар > «Студент-түлек-маман» республикалық форумының Үндеуі

«Студент-түлек-маман» республикалық форумының Үндеуі

Біз, Республикалық форумға қатысушылар – жоғары оқу орындарының өкілдері ретіндегі студенттік қауымның көшбасшылары мен белсенділері – мемлекетіміздің интеллектуалдық әлеуеті мен негізгі кадрлық шебі болып есептелетін жастардың ерекше әлеуметтік тобы екенімізді атап өтеміз!

Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыруда жарияланған «Жастар жылы» бізге деген мемлекеттің қамқорлығы екені сөзсіз!

Біз, Республикалық форумға қатысушылар, ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын, ол үшін барлық салада сапалы білімді, бәсекеге қабілетті, жаңашыл, шыншыл, қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін жетік меңгерген мамандар қажеттігін түсінеміз!

Бүгінгі күні әрқайсымызға осы талаптар деңгейінен шығуда өз білімімізді жетілдіру мүмкіндігі «Мектеп-университет-өндіріс» ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асуда. Бұған бүгінгі Форумда студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибелі мұғалімдерімен бір командада жұмыс жасайтын жаңа білім беру кеңістігінің пайда болуы кепіл бола алады.

Сонымен қатар, барлық мамандықтар бойынша университеттің өндіріс базаларындағы кафедра филиалдары мен дуалды білім беру жүйесіндегі бастамалар, ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша дайындалған өнімді нәтижелер мен болашақ мамандардың бойында өмірлік маңызы бар түйінді құзыреттіліктер мен құндылықтарды қалыптастыру жобалары мен нәтижелерінің ортаға салынуы дәлел болып отыр.

Біз, Республикалық форумға қатысушылар, кәсіби құзыреттіліктерімізді дамыту мақсатындағы әр бастаманы толығынан қолдай отырып:

  • болашақ маман ретінде сапалы білім алу мүмкіндігін кеңінен пайдалануға;
  • қоғамда өз кәсібіміздің жоғары мәртебесін сақтауға, жеке әлеуетімізді іске асыруға;
  • отаншылдық пен жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру үшін бар күшімізді салуға;
  • адалдық, шыншылдық қағидаларын ұстануға шақырамыз!

Біз, Республикалық форумға қатысушылар, бүгін – Студентпіз, ертең – Түлекпіз, таяу болашақта – Маманбыз! Мәнді өміріміздің осынау төрт-бес жыл маңызды кезеңін мазмұнды ету өз қолымызда!

Талпын, Ізден, Мансапқа қол соз, Уақытты бос өткізбе!

Сапалы маман болудың қарапайым формуласы осы!