Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > V түркі дүниесі университеттері жастарының жазғы оқуына құжаттар қабылдау басталды

V түркі дүниесі университеттері жастарының жазғы оқуына құжаттар қабылдау басталды

Халықаралық ынтымақтастық орталығы академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында серіктес  университет Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан қаласында «V түркі дүниесі университеттері жастарының жазғы оқуы» ұйымдастырылуда. Бұл курсқа Қазақстан, Қырғызстан және Түркияның жоғары оқу орындарының студенттері  қатысады.

Тілдік жазғы оқу 2019 жылдың 22 маусымы мен 6 шілдесі аралығында  Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан кампусында өткізіледі.

Жазғы оқуды Түркия  Республикасынан  шақырылған профессор-оқытушылар өткізеді. Сонымен қатар олар түркология, түрік тілі мен әдебиеті, тарихы, мәдениеті бойынша семинарлар жүргізеді. Сондай-ақ, әр-түрлі мәдени бағдарламалар және музыкалық қойылымдар жоспарланған.

Жазғы оқу бағдарламасында  шетел студенттерінің Түркістан, Укаша ата, Отырар, Арыстан баб, Сайрам секілді қалаларға бару мүмкіндіктері жасалуда.

Жазғы оқу бағдарламасына қатысу талаптары:

  • Ректор атына өтініш
  • Жеке құжат көшірмесі
  • оқу туралы транскрипт (GPI көрсеткіші 50 жоғары)
  • Деканаттан ұсыныс хат (оқудағы жетістіктері,белсенділігі туралы)
  • Сертификат көшірмелері
  • Факультет/мамандығы туралы ақпараттық брошюралар әзірлеу (университет,факультет,мамандық тарихы. 2.факультет/мамандық контингенті. 3.ғалым-профессорлар туралы ақпарат. 4.факультет жетістіктері. 5.факультет/мамандық мәдени-спорт жетістіктері.)

Құжаттар 2019 жылдың 29 сәуіріне дейін тапсыруларыңыз сұралады.

Барлық қажетті сұрақтар бойынша  халықаралық бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.

 

Халықаралық бағдарламалар бөлімі