Воскресенье, Январь 29, 2023
Басты > Жаңалықтар > Оқыту семинары

Оқыту семинары

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында «Эпиграф» баспа орталығы университетіміздің профессорлық-оқытушылық құрамына «Білімде электрондық оқулықтардың жаңа технологиясын енгізу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға факультет декандары, оқытушылар қатысты.

Семинар барысында ақпараттық технологияларды енгізу нәтижесінде біліктілікті арттыру мәселелері, дәрістер, сынақтар, күнделікті білімді бақылау мүмкіндіктері жайында сабақтар жүргізілді.

Бұл семинардан қатысушылар көптеген тәжірибе жинақтағандықтарын, алдағы уақытта алған білімдерін іс жүзінде қолданатындықтарын алға тартты.