Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Құрметті Абылай Жортабайұлы!

Құрметті Абылай Жортабайұлы!

Жүйрік уақыттың ұшқыр қанаты Сізді мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесі – 70 жасқа алып жетті. Сіз осы кемелдікке тың жігер, жарқын көңілмен келіп отырсыз. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей ғылымның биік шыңына жетіп, парасатты ұстаз, үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз.

Сіз өз тәжірибеңізді білім беру жүйесінде жалғастырып, отандық философия ғылымының дамуына және Тәуелсіз еліміздің рухани өсіп-өркендеуіне, университетіміздің білім мен ғылым саласында өлшеусіз елеулі үлес қосып келесіз.

Сіздің өмір жолыңыз бен азаматтық ұстанымыңыз Университет жастарына үлгі өнеге.

Құрметті Абылай Жортабайұлы! Біз Сізді шын жүректен мерейлі жасыңызбен құттықтап, мерекелі мерейтой күні Сізге денсаулығыңыз қуатты, ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз! Асар асуыңыз биік болып, тек биік шыңдардан көріне беріңіз!