Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Баскетболдан әйелдер командасы арасында Х жазғы Универсиада басталды

Баскетболдан әйелдер командасы арасында Х жазғы Универсиада басталды

Елбасы «Халықты дене шынықтыруға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау принциптері үнемі басты назарда болуы тиіс» деп атап өткен болатын. Соған орай бүгін Жұбанов университетінің спорт кешенінде Баскетболдан әйелдер командасы арасында Қазақстан Республикасының Х жазғы Универсиадасы басталды.  Спорттық шараға Жұбанов университетінің,  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Қазақ Ұлттық қыздар педагогика университетінің,   Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің, Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің, Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетінің, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің командалары қатысуда.

Спорттық шарада университеттің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев 85 жылдық тарихы бар Жұбанов университетінде әлем чемпиондары мен Азия чемпиондары білім алып жатқандығын мақтанышыпен жеткізіп, универсиада ойыншыларына сәттілік тіледі.

Универсиадада Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып,  баскетболшы қыздар қызу ойынға кірісті.

Айта кету керек, баскетболдан әйелдер командалары арасындағы чемпионаттың алғашқы айналымына 8 команда қатысады. Ойын 5 мамырға дейін жалғасып, 13 кездесу өтеді деп жоспарланып отыр. Осылайша, 2019 жылдың мамыр айының 5-нде чемпиондар анықталады деп күтілуде.