Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Түлектер трансұлттық компанияда еңбек етеді

Түлектер трансұлттық компанияда еңбек етеді

Еліміздегі жоғары оқу орын­да­­рының рейтингі түлектердің жұмысқа орналасу нәтижесіне байланысты айқындалмақ. Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде кешенді іс-шара қолға алынды. Соның бірі, студенттерді сұранысқа сай маман­дықтар бойынша оқы­ту. Бұл үшін өңірдегі және рес­публика аумағындағы іргелі кәсіпорындармен, сондай-ақ транс­ұлттық компаниялармен тиіс­ті келісімшарттар жасалды.

Бүгінде оның алдыңғы тізбегінде Еуразиялық топ (Еurasian Resources Grop) кәсіп­орындары тұр. Бұл табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу энергетика, логистика және мар­кетинг салалары бойынша әлем­дегі әртараптандырылған жетекші компаниялардың бірі екенін айта кеткен жөн. Төрт құрлықтағы 15 елде орналасқан топ кәсіпорындары өз салалары бойынша ірі жұмыс берушілер бола білуімен ерекшеленеді. Еліміздегі жоғары маркалы алю­­­миний өндіретін баламасы жоқ жалғыз кәсіпорын да Еуразиялық топтың құрамында екені мәлім. Мыс пен кобальт өн­діру мен өңдеу ісінде де ERG-дың үлесі жоғары. Сондай-ақ бүкіл­­әлемдік экономикалық форум тұғырнамасында құрылған ак­кумуляторлы батареялар сек­­торына арналған жаһандық альянстың құрылтайшы-серік­тесі болуы да оның зор әлеуетін аң­­ғартады.

Трансұлттық компания құ­рамын­дағы «Қазхром» АҚ ме­тал­­лургия, тау-кен­ ісі,­ құ­­­ры­­­лыс, автомобиль­­ жә­не жол­ қозғалысын ұйымдас­­­ты­­ру­­ мамандықтары бойын­­ша Қ.Жұ­­­­банов атындағы Ақ­тө­бе өңірлік мемлекеттік универ­­­­­ситетінің 50 түлегін қызметке алу жөнінде шешім қа­былдады. Компанияның президенті Ар­­ман Есенжоловтың айтуынша, екіжақты ке­­лісімге сәйкес түлектерді жұмысқа қа­был­­­­даудың арнайы бағдарламасы жа­салған. Артықшылығы, ақы­сы төле­нетін тәлімгердің та­ғайындалуы. Оның бас­ты­­ қызметі – жас кадрларды өнді­­рістік тә­жі­рибеге баулу. Бұған қоса түлектерді жұ­мысқа орналастыру, олардың қызметте өсу мен өрлеу жолдарының жоспарын әзір­­леу және кадрлар легі мен резервін ен­­гі­зу жөнінде де тиісті іс-шаралар бел­­гі­­­ленген.

– Біз жоғары өндірістік межеге кәсіби біліктілігі жоғары ма­мандарға арқа сүйеген жағ­дайда ғана жете алатыны­­мыз­­ды жақсы түсінеміз. Әрі мыңдаған адам қызмет ететін іргелі кәсіпорынға мақсат­кер, өршіл, талабы биік, жауап­­кер­­шілігі жоғары жастар­ды қабылдауға қашан да әзір­міз, деді «Қазхром» АҚ пре­зиденті Арман Есенжолов. Ком­панияның ең басты құ­ры­лымдық бөлімі 4300 адам жұмыс істейтін Ақтөбе фер­роқорытпа зауыты болса, оның 800-ден астамы Қ.Жұбанов уни­верситетінің түлектері екен. Бұл – қызметкерлердің 20 пайызы осы жоғары оқу орнын бітіріп, жұмысқа орналасқандар деген сөз, дейді зауыт директоры Жалғасбек Мұсабеков. Тіпті Жалғасбек Берекетұлының да Жұба­нов университетінің тү­легі екенін айта кетелік. Ол 2002 жылы аталған жоғары оқу орнын инженер-металлург мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтапты. Содан соң еңбек жолын осы өндірістік ұжымда ферроқорытпа бал­қыту қызметінен бастап, өз шеберлігі мен біліктілігін көте­ре отырып, кәсіпорын басшы­сы­на дейін көтерілді. Бұл мы­сал­­дың өзі де түлектерге ой салары анық. Сондай-ақ өндіріс жетекшілерімен ой-пікір алмасу кезінде қызметке қабылданған түлектер тиісті әлеуметтік же­ңіл­діктермен қамтылатыны жөніндегі деректерге қанық­тық. Бұл олар үшін аса маңыз­ды артықшылықтардың бі­рі болмақ. Атап айтқанда, меди­циналық сақтандыру, тамақтан­дыру, арнайы бөлінген көлік пен тұрақты мекенжайы жанынан жұмысқа тасымалдау жыл қорытындысы бойынша бонустар беру, өндіріс ерекшелігіне сәйкес кезекті еңбек демалысына қосымша күндер қосу, са­нитарлық-курорттық карталарды жеңілдетілген бағамен ұсыну кіреді екен. Сондай-ақ Еуразиялық топ құрамындағы кәсіпорындарда қызметке қа­был­данған жас кадрлардың тұрғын-үй бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері жоғары екені де атап айтуға тұрарлық мәселе.

АҚТӨБЕ

https://egemen.kz/article/199310-tulekter-transulttyq-kompaniyada-enhbek-etedi