Четверг, Март 28, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Адалдық дүкені» ашық

«Адалдық дүкені» ашық

Елімізде адалдық алаңы, адалдық дүкені жобалары тұрмыстық жемқорлықты жеңу үшін жасалған алғашқы қадамдар. Сәтсіз деп айтуға келмес. Бірақ, шикіліктері бар. Кей өңірлерде пайдасынан зияны мен шығыны көп болғандықтан адалдық дүкендері жабылған. Қалада адалдық дүкендерінің бірі Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-нің бас ғимаратында орналасқан. Көзден таса жерде емес, бірінші қабатта, дәлізде тұр. Қабырғалары шөлмектен. Кіреберісінде бейне-бақылау камерасы орнатылған. Дүкенді банкрот болудан құтқарып тұрған оқу орнының осындай шешімі секілді. Біздің байқағанымыз студенттер мұнда тек ксерокөшірме жасату үшін кіреді. Бүгін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте «Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің жетекшісі Жанар Тайжанова кей жерлерде «Адалдық дүкендерінің» жабылып жатқанын жеткізді. Оған себеп, дүкеншісіз дүкендердің шығынға батуы. Елде бастапқыда халықта жемқорлыққа төзбеу, адалдыққа жақын болу қасиеттерін қалыптастыру мақсатында 3500-ден артық дүкен ашылған болатын.

http://www.rikatv.kz/kz/news/adaldy-d-ken-ashy.html