Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тəуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының биылғы ұлттық рейтингін жариялады. Рейтингте үш жетістіктерге басты назар аударылады: студенттердің үлгерімі, сарапшылардың бағасы және түлектерге жұмыс берген мекемелердің бағалауы. Одан кейін жоғары оқу орындарын бағыттары бойынша бөліп қарастырады: көпсалалы, техникалық, гуманитарлы-экономикалық.
Рейтингтің қорытындысы бойынша Жұбанов университеті еліміздің үздік университеттерінің TOP-20 қатарында, еліміздегі жоғары оқу орындары арасында ең жоғары позиция — 4 орынды иеленіп отыр.
Жұбанов университетінің ұжымын аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтай отырып, білім беру және ғылыми қызметтің сапасын жақсарту барысында одан әрі табыстар тілейміз!