Вторник, Октябрь 4, 2022
Басты > БАҚ біз туралы > Қоғамға ой салған басқосу

Қоғамға ой салған басқосу

Құқықбұзушылықтың алдын алудағы қоғамның рөлі және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті. Жұбанов университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция тақырыбы осылай аталды.  Шараға билік өкілдері, органдар басшылары, батыс өңірінің белді оқу орындарының және ресейлік мамандар қатысты.

Конференция құқықбұзушылықтың алдын алуда басымдық берілетін тәжірибелік және теориялық шешімдер қабылданатын алаңға айналды. Түрлі ой айтылды, ұсыныстар енгізілді. Қандай да бір қылмысты болдырмауда тек құқыққорғаушылар ғана емес, қоғамның алдында үлкен міндет тұр.

Халық мобильді қосымшалар арқылы тәртіп сақшыларына заң бұзылғандығы жөнінде сурет немесе бейнетүсірілім жіберсе, оған полицейлер лезде назар аударуы қажет. Қарапайым тұрғындар қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене атсалысқан жағдайда оларды қорғап, сыйақы да беру керек.

МАРАТ ҚАЙЫБЖАНОВ /АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ

-Кешенді және ведомствоаралық бағдарламалық жобалар әзірлеу керек. Жоғары оқу орындары басшыларымен келісімшартқа қол қойып, профилактикалық жұмыстарға студенттер мен қызметкерлерді тарта отырып, оларды моральды және материалдық тұрғыда қолдауымыз қажет.

ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН  /АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

— Айтылған әрбір ұсынысқа жіті мән беруіміз керек. Мәселен, мақсатты индикаторларды енгізу, полицияға көмектескен тұрғындарға сыйақы беру сияқты ұсыныстар өте орынды мәселелер. Бұның бәрі бірақ, қағаз жүзінде қалмай, іс барысында нақты жүзеге асыру қажет.

Соңғы үш жылдың статистикасына сүйенсек, әртүрлі деңгейдегі құқықбұзушылықтың саны төмендегенін байқауға болады. Соның ішінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайған. 2016 жылы  жасөсірімдер 3 343 рет заң бұзыпты. Ал өткен жылы 3 156 дерек тіркелді.

Осы басқосуда ғалымдардың «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы қоғамның рөлі және құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті» тақырыбындағы зерттеулерінің нәтижелері жарияланды. Ұсыныстар халық қалаулыларының назарына ұсынылды.

Гүлбағда Қайратқызы

http://aktobetv.kz/kz/news/society/kogamga-oi-salgan-baskosu