Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ғалымның есімі ұлықталды

Ғалымның есімі ұлықталды

Бүгін ұстаз, ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері Мұхтар Арын көзі тірі болғанда 83 жасқа толар еді. Тағылымды тұлғаның есімі өзі басқарған Ақтөбе өңірлік универсиетінің бас ғимаратына берілді. Салтанатты шараға Мұхтар Ғалиұлының замандастары, әріптестері мен шәкірттері жиналды. Мұхтар Арын  Ақтөбе педагогикалық институтының іргетасын қалап, дамуына өлшеусіз  үлес қосты.  Ғалымның есімін ұлықтау мақсатында оқу орны бірнеше шара ұйымдастырды. Жуырда университет  жанында «Жас жұбановшылар аллеясы» пайда болады. Бұдан өзге,  Мұхтар Арын атындағы Қарғалы орта мектебінің оқушысы, жас ақын Нұрсерік Тәуекелев Жұбанов университетінің білім грантына ие болды. Және осы мектепте кафедра филиалын  ашу жоспарда бар.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/galymnyn-esimi-ulyktaldy