Пятница, Декабрь 2, 2022
Басты > Жаңалықтар > Мектепте кафедра филиалы ашылды

Мектепте кафедра филиалы ашылды

Жұбанов университетінің ұйымдастыруымен М.Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебінде Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы мен қоғам қайраткері М9хтар Арынның 83 жылдығына орай «Ұлттық рухтың ұстазы»  тақырыбында  ғылыми конференция өтті.

Ғылыми жиын Мұхтар Ғалиұлының мұражайын таныстырудан басталып, қоғам қайраткері туралы бейнефильм көрермендер назарына ұсынылды. Конференция барысында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлшат Бахтиярова «М.Арын идеяларының халықтық педагогикамен үндестігі» тақырыбында баяндама жасаса, зиялы қауым өкілдері Мұхтар Ғалиұлының Ақтөбе жеріне келуі және осы өлкенің рухани, мәдени тұрғыдан өзгеруіне зор септігін тигізгені туралы сөз етті.

Аталмыш шара аясында  Жұбанов университетінің  «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедраларының филиалы ашылды. Онда  «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Айтпенбетова профессор-оқытушылар құрамының шығарған еңбектерін естелікке ұсынды. Шара мектеп оқушылары әзірлеген салтанатты концертпен жалғасты.

Айта кетейік, алдағы уақытта кафедра филиалы базасында университет оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің білім беру үдерісінде бірлесе жұмыс  жасау жүзеге асырылатын болады.