«Жүректен жүрекке» қамқорлық акциясы аясында 300 мыңнан астам қаражат жиналды. Өнер орталығында Ақтөбенің 150 жылдығына арналған шара аясында қайырымдылық аукцион өтті.
Шараға кәсіпкерлер, қарапайым қала жұрты қатысты. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов тұрғындарды қайырымды іс жасауға үндеді.
Аукционға шығарылған 15 лоттың барлығы қалалық оқушылар сарайы мен техникалық шығармашылық орталығы тәрбиеленушілерінің қолынан шыққан. Балалардың суреттерінде түрлі техника мен сурет өнерінің бірнеше бағыты қолданылған: майлы бояу, киіз, батик, арт-модерн. Бағасы 10 мыңнан басталды.
Аукционға шығарлыған барлық лот сатылып, нәтижесінде 330 мың теңге жиналды. Қаражат жетім балаларға таратылады.
Венера Серғазы
http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhinalgan-karazhat-zhetim-balalarga-beriledi