Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ұлыбританиядан ағылшын тілі мамандары келді

Ұлыбританиядан ағылшын тілі мамандары келді

«Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен Ұлыбританиядан ағылшын тілі мамандары Майкл Даниэль Сагатис пен Джулия Аннэ Джоржина Сагатис университетімізге арнайы келіп, ағылшын тілінің деңгейлік дәрістерін бастады. Жеделдетілген ағылшын сабақтарына академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ниетті білім алушылар, ағылшын тілінде кәсіби оқу пәндерін жүргізетін оқытушылар қатысуда.

Ағылшын тілін оқыту бағдарламасы оқу,жазу,тыңдау, ауызекі сөйлеу, жұптасып әңгімелесу, топпен және оқытушымен әңгімелесу, мәтін құрастыру, грамматикалық жаттығу жасау, сөйлеу мәнеріне баулу т.б. бағытталған.

Шетелдік мамандар факультеттер ұжымымен кездесіп, ағылшын тілінде бірлескен тақырыптық семинарлар, тренингтер, мастер-класстар, мәдени-танымдық шаралар өткізуді жоспарлады.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы

Жауапты маман:Жантурина Ақтолқын

( 8 771 187 73 15)