Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Диссертациялық кеңес ашылды

Диссертациялық кеңес ашылды

Жұбанов университетінде 6D060100-«Математика» және 6D060400-«Физика» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңес ашылды.

Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының «Жоғары оқу орындарында философия (PhD) докторы, бейіні бойынша докторы ғылыми дәреже беру бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер ашу туралы» бұйрығына сәйкес құрылып отыр. Бұл оқу орнының ғана емес, еліміздегі физика және математика ғылымдарының дамуына ашылған жол. Себебі диссертациялық кеңес – ғылыми-зерттеу жолына түскен болашақ ғалымдардың еңбегін саралап, жіті ғылыми сүзгіден өткізетін ғалымдар кеңесі.

Физика-математика факультеті