Мерейтойдан қала кітапханалары да қалыс қалмады. Бүгін «Емшан» тұрғын-үй алабы мен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік Өңірлік университеті ғимаратының алдында «Ақтөбе қаласының әдеби көшелері» атты шара өтті. Мақсат: облыс орталығындағы көшелерге берілген ақын-жазушылардың есімін ұлықтау. Тұрғындарды жергілікті қаламгерлердің туындыларымен таныстырып, өскелең ұрпақтың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру дейді ұйымдастырушылар.
Көше мерекесі
