Понедельник, Сентябрь 27, 2021
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов жастары кәсіпкерлікті таңдайды

Жұбанов жастары кәсіпкерлікті таңдайды

2017 жылдың 19-20 қыркүйек күні Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Экономика және құқық факультетінде «Жастар кәсіпкерлігінің  экожүйесін  қалыптастыру»  жобасының ІІ кезеңі  «Студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамына арналған практикалық кәсіпкерлік» оқыту модулі өткізілді. Тренингке 100-ге жуық студенттер мен университеттің профессор-оқытушылары  қатысты.

Жобаның ұйымдастырушыларының бірі, Алматы Менеджмент Университетінен келген  тренер  – Аблай Юсупов осы 2 күн аралығында студенттер мен оқытушыларға кәсіпкерлікті ұйымдастыру мен кәсіпкерлікті жүргізудің шеберлік әдістеріне жаттығулар,  іскерлік  ойындар, практикалық  тапсырмалар түрінде шеберлік сабақтар жүргізді.

Тренинг барысында айтылған нақты кәсіпкерлік  мысалдарын, кеңестерін әсіресе жастар қауымы өте жақсы қабылдады. Мұның бір себебі, тренер Аблай Юсупов оқыту материалын жастарға заманауи терминдермен, жастардың ойлау мен қабылдауына ыңғайлы формада жеткізді. Қазақстандық танымал жас кәсіпкерлердің бизнесін мысалға келтіріп, кейстерде көп қолданды. Сонда-ақ, кәсіпкерлікті жүргізудің практикалық әдіс-тәсілдерін, техникасын үйретті.

Тренингтің мақсаты студенттерді кәсіпкерлік мәдениетке үйрету мен жобалар дайындау болатын. Бұл кезең толығымен өз мақсатын орындады. Жобалар анықталып, жоба жетекшілері  бекітілді. Бұл жобалар қараша айында өтетін конкурста бағаланатын болады. Тренинг соңында Аблай Юсупов жоба конкурсына қатысушыларға сәттілік тіледі.