Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетіндегі балаларға арналған мереке

Жұбанов университетіндегі балаларға арналған мереке

Бұл айтулы шараны университеттің Кәсіподақ ұйымы мен педагогика факультеті ұйымдастырды.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні, бұл мейрам барлық елде 1950 жылдан бастап тойланып келе жатыр, бұл жаздың, демалыстың бірінші күні  педагогика факультетінің белсенді студенттері балалардың бұл мерекені барынша сезінуіне күш-жігерін жұмсады. Дәл осындай мүмкіндік ұсыну ұйымдастырушылар мен демеушілердің басты мақсаты болды. 1 маусым — балалар үшін ең қуанышты мерекелердің бірі және ата-аналардың өз балаларына қуаныш пен махаббат сыйлау мүмкіндігі, сондай-ақ, бұл мереке балалар қамқорлық пен қорғауды қажет ететінін еске салу болып табылады.

Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған шараға университет қызметкерлерінің балалары қатысып, оларға кәсіподақ ұйымы тарапынан облыстық «Алақай» қуыршақ театрының аниматорлары мерекелік шағын көріністер көрсетті. Мерекелік көріністе қоян, түлкі, ешкі, панда сынды кейіпкерлер балалардың көңілдерін көтерді.

Мерекенің бағдарламасы би билеу және спорттық эстафеталардан және ертегі кейіпкерлерінің қойылымынан тұрды. Мерекелік концерт соңында Кәсіподақ ұйымы 350-ге жуық балаға балмұздақтар таратып, өз өнерлерін көрсеткен балалар түрлі сыйлықтарға ие болды.

Ата-аналар мен балалар естен кетпес мереке ұйымдастырылғаны үшін өз алғыстарын білдірді.