Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өзекті мәселелер онлайн семинарда талқыланды

Өзекті мәселелер онлайн семинарда талқыланды

Жұбанов университеті мен Назарбаев университетімен серіктестік жоспары аясында Назарбаев университетінің тәжірибесін трансляциялауда «Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде магистранттар мен докторанттарды даярлау саясаты және тәжірибесі» тақырыбында факультет декандары мен кафедра меңгерушілерінің, жоғары оқу орнына кейінгі білім беру бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен онлайн семинар өтті.

Онлайн семинарды  Назарбаев университеті жоғары білім беру мектебінің бас атқарушы директоры Аида Сагинтаева жүргізді.  Семинар барысында Аида Қыстаубайқызы куррикулум дизайны, құндылығы мен принциптері, білім берудегі көшбасшылық, зерттеулерді басқару, білім беру зерттеулері, серіктестер туралы тәжірибелерімен бөлісті.

Жұбанов университетінің Оқу-әдістемелік бөлім басшысы Айнұр  Кадиркулова Қазақстандық жоғары оқу орындарында модульдік білім бағдарламаларын (ББ) құрастыруға қойылатын ортақ талаптар, кадрлар дайындауда жұмыс берушілермен байланыстың түрлері, жоғары оқу орнын бітіруші түлек моделінің сипаттамасы, жоғары оқу орындарында дарынды білім алушыларды қолдайтын бағдарламаларды құру мәселелерді көтерді.

Онлайн семинар барысында осы аталған мәселелер  толыққанды талқыланып, алдағы уақытта да серіктестік аясында тәжірибе алмасу, аталмыш мәселелер төңірегінде қосымша семинарлар өткізу туралы  сөз болды.

Үздіксіз білім беру институты