Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > KazSEE өкілдері Жұбанов университетінде

KazSEE өкілдері Жұбанов университетінде

Бүгін Жұбанов университетінің мәжіліс залында «Қазақстан инженерлік білім ассоциациясы KazSEE» тарапынан  мамандандырылған аккредиттеу рәсімін ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Өткізілген семинар аккредиттеу агенттігінің стандарттарымен таныстыру, өзін-өзі бағалау есептерін құрастыру жолдарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Бұл үрдістің барлық қыр-сырын айту үшін KazSEE агенттігінің менеджері Есбол Өміржанов   жұмыс сапарымен Жұбанов университетіне келді.  Ол семинар барысында білім беру бағдарламасы туралы ақпарат пен оның міндеттері, бағдарламаның мазмұны туралы да тілге тиек етті.

Семинарға «5В070900-Металлургия», «5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «5В072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу», «5В090100-Көлікті пайдалану, жүк қозқалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», «6М070900-Металлургия», «6М072100-Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім бағдарламаларын жүзеге асырушы профессор-оқытушылар мен  кафедра меңгерушілері қатысты.

Осындай оқыту семинары әрбір мамандық бойынша құрылған жауапты оқытушыларға  қажетті де, пайдалы ақпараттарды білуге септігін тигізді.

Екі сағатқа созылған семинарда қатысушылар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Семинар соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.