Вторник, Апрель 16, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі құтты болсын!

Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі құтты болсын!

Бүгін 22 қыркүйек күні еліміздің елеулі мерекелерінің бірі — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Елімізде «22 қыркүйек – Қазақстан Рес-публикасы халықтарының тілдері күні» болып ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығымен бекітіліп, 1998 жылғы 22 қыркүйек күні бірінші рет ресми түрде аталып өтті. Осылайша, тәуелсіз еліміздің қоғамдық өмірінде өзіндік орны бар жаңа атаулы күн пайда болды. Бұл – Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдерінің тіл мерекесі.

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясы, “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы және осыларға негізделген «Тіл туралы» Заң республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді.

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі — оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл — халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу. Жұбанов Университеті ұжымы Қазақстанның әрбір азаматын Тілдер күнімен шын жүректен құттықтайды!