Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Әсерге толы әдеби кеш

Әсерге толы әдеби кеш

2017 жылғы 25 қыркүйекте Жұбанов Университетінің филология факультетінде қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Асқар тау алыстаған сайын анық көрінеді» атты әдеби кеш өткізілді.

Кеш барысында «Қазақ филологиясы» мамандығының 202-топ студенттері М. Әуезовтың өмірбаянынан сыр шертетін сахналық қойылым көрсетті. Жазушының өмір жолы, туындылары туралы сұрақтарды қамтитын білімділік конкурсы ұйымдастырылып, «Қыран» және «Білім» топтары өзара сайысқа түсті. Әдеби кеште қаламгерге арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

Факультет деканы ф.ғ.д., профессор К.Қ.Садирова, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., доцент М.Р.Балтымова және «Ақтөбе» газетінің тілшісі Перизат Мұратқызы  білімділік конкурсына қатысушыларды марапаттап, әдеби кешті ұйымдастырушы, топ кураторы С.Ж.Тәшімбаеваға алғыс білдірді. Әдеби кеште қазақ халқының дәстүрлері дәріптелді, болашақта «Абай жолы» эпопеясын насихаттау мақсатында факультет қабырғасында түрлі байқаулар ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды. М.О.Әуезовтың мағыналы ғұмыры өскелең ұрпаққа үлгі, туындылары рухани байлықтың қайнары екендігі тағы бір мәрте дәлелденді.