Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Халықаралық байланыс > «Құқықтық тәртіп» аймақтық оқу орталығы ашылды

«Құқықтық тәртіп» аймақтық оқу орталығы ашылды

Еліміздің батыс аймағында алғаш рет «Құқықтық тәртіп» аймақтық оқу орталығы Жұбанов университетінің базасында Ақтөбе облысының полиция департаменті және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы өзара ынтымақтастық туралы үш жақты келісімде  қол қойылған меморандум шеңберінде ашылды.

Бүгінгі жиынға қатысушыларды Жұбанов университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұржан Бердыбаев қарсы алды. Кездесу барысында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының бастығы Айдар Сайтбеков университет басшылығына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. «Орталықты ашудың мақсаты — құқықтану саласындағы болашақ мамандарды оқытудағы кәсіптік бағдар беру, жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу және тәжірибеден  өткізу мен дуальды оқыту», — деді өз сөзінде Айдар Мүтәлікұлы. Оның айтуынша, құқықтану мамандықтарының студенттері өз таңдаулары бойынша әртүрлі бағыттардағы курстан өтуі тиіс. Курсты бітіргеннен кейін студенттерге полиция қызметіне жұмысқа орналасуда артықшылық беретін сертификаттар беріледі.

«Құқықтық тәртіп» орталығы өткізетін курстар кем дегенде үш айға созылады. Орталықтың жұмыс кестесі студенттердің кестесіне сәйкес жаңа оқу жылының басталуымен белгіленеді. Оқу курсы оқу орны бойынша, аумақтық ішкі істер бөлімдерінде және оқу полигондарында жүргізіледі. Оларға облыстық полиция департаменті мен Ақтөбе заң институтының қызметкерлері мен оқытушылары дәріс береді.

««Құқықтық тәртіп» орталығында студенттер топпен немесе жеке турде арнайы миграциялық, тергеу мен анықтау, әкімшілік полиция мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекция және тағы басқа бағыттар бойынша оқытылады», — деп мәлімдеді Әкімшілік құқық және ІІБ кафедрасының оқытушысы, полоция майоры  Виктория Хасанова.

Орталық студенттерді оқытуға қажетті барлық нәрсені ұсынады. Қосымша ақпарат алу үшін Жұбанов университетінің Экономика және құқық факультетіне немесе М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты мен Ақтөбе облыстық полиция департаментіне хабарласа аласыз.