Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Факультет түлектері жаңа өмірге бет алды

Факультет түлектері жаңа өмірге бет алды

Техникалық факультеті 1996 жылы құрылған және еліміздің әр түрлі салаларының кәсіпорындары мен мекемелері үшін жоғары білікті техникалық мамандар даярлайтын Жұбанов университетінің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі.

6 мамандық бойынша жоғары білікті бакалавр және 1 мамандық бойынша магистр мамандар даярлайтын факультеттің күндізгі бөлімін биылғы жылы  424 студент, ал сырттай бөлімін 118 студент бітіріп, оның ішінде 57 бітіруші үздік үлгідегі дипломға ие болып отыр.

Бүгінгі салатанатты шарада бітіруші түлектерге диплом табыстаған университет ректоры Бауыржан Ердембеков қазіргі таңда еңбек нарығындағы сұранысқа ие маман дайындау үшін факультетте барлық жағдайлар бар екендігіне тоқтала келе, бітірушілердің жарқын болашақтарына ақ жол тіледі.

Өз кезегінде жас мамандар төрт жыл бойында саналы тәрбие, сапалы білім берген ұстаздарына жүрекжарды алғыстарын айтты. Факультет түлектерінің бірі, Жұбанов университетінің үздік студенті Адельбек Бертлюев те сөз сөйлеп, «Бізге керемет жағдайда оқуға мүмкіндік бергені үшін Жұбанов университетінің ректоры Бауыржан Аманкелдіұлына алғысымыз шексіз.  Университетімізге шын жүректен ризамыз! Бакалавр дәрежесінде тағы бір қадам алдыға жылжуға  көмектесіп, тек отандық қана емес, батыстық оқу тәжірбиелерімен танысуға бірден бір себепкер болғанына ұстаздарыма мың алғыс айтамын!», — деді, ол.

Салтанатты шарада түлектер дипломдарын университет түлегі, «КазХром» Транс ұлттық компаниясының акционерлік қоғамының өкілі Эльдос  Каримов, «КазТрансОйл» акционерлік қоғамының Ақтөбе қаласындағы филиалының бас инженері  Өтеген Тұрақбай, факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары  Медет Жанабаев, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының меңгерушісі Бауыржан Келамановтардың қолынан алды.

Бұл күні ата-аналардың да қуанышында шек болмады. «Металлургия» мамандығын бітіруші түлек Жұлдызай Жұмабаеваның анасы Мереке  Жұмабаева қызының  оқу бітіру кешіне арнайы келгенін айтып, естен кетпес, жарқын сәттің куәсі болып отырғанына шын жүректен қуанып, оқу ордасы ұжымына ризашылығын білдірді.

Салтанатты шара соңында  факультет түлектері естелік суретке түсіп, университеттен көтеріңкі көңіл-күймен қоштасып,  тарасты.