Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Ғылыми кеңестегі кезекті марапаттаулар

Ғылыми кеңестегі кезекті марапаттаулар

Ғылыми кеңестің кезекті отырысында  ректор Бауыржан Ердембеков Жұбанов университетінің төмендегі профессор-оқытушылары мен қызметкерлерін марапаттап, алғыс хаттар мен сертификаттар тапсырды.  

 

2019 жылғы 14-16 мамыр аралығында Жұбанов университеті  институционалды аккредиттеуден өтті. Соның нәтижесінде 2019 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде өткен Аккредиттеу Кеңесі университетті максималды мерзімге 7 жылға аккредиттеу жөнінде шешім қабылдады. Соған орай сертификаты оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор Бибігүл Әбеноваға тапсырылды.

 

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары қажет етілуінің Ұлттық рейтингісінде мамандарды даярлау бағыттары және деңгейлеріне сәйкес ЖОО білім бағдарламасы бойынша Қазақстанның ТОР-20 үздік жоғары оқу орындары рейтингісінде Жұбанов университеті 4-орынды иеленді. Осы рейтингке қатысқан  56 білім бағдарламасының ішінде 27 білім бағдарламасы үздік үштіктен көрінді. Жүлделі І орынды  «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу», «5В012900 – География және тарих», «5В011000 – Физика», «5В012600 – Математика-физика» білім бағдарламалары  иеленді.

 

2019 жылғы 12-14 желтоқсанда университеттің филология факультетінің 6 білім беру бағдарламасына Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) тарапынан мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілді. «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»,  «5В011800 – Орыс тілі мен әдебиеті», «5В012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «5В012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті», «5В020500 – Филология», «6М020500 – Филология» білім бағдарламалары 7 жылға және 5 жылға аккердиттелді.

 

2019 жылдың 9 маусым ҚР Президенті сайлау науқанына белсене қатысқаны үшін Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров, бас ғылыми хатшы Мира Балтымова облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Оңдасын Оразалиннің Алғыс хатымен марапатталады.

 

28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай  университеттің Медиа орталығының директоры Жаннат Абильдаева,  баспасөз қызметінің мамандары Сандуғаш  Байғұлқызы, Салтанат Кустанова,  фотограф Есет Саргузин және «Zhubanov University» газетінің бас редакторы Гүлнара Қараша марапатталды.

Құттықтаймыз!