Вторник, Июнь 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған семинар өтті

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған семинар өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Экономика және құқық» факультетінде «Академиялық адалдық және таза сессия – жоғары білім жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастырудың негізгі факторы» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті, «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасымен бірігіп ұйымдастырды.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Т.Бисенов, «Азаматтық бақылау» жобасының үйлестірушісі, «Парасат-ғылым» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы К.Н.Ахметов, «Экономика және құқық» факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Досов,  «Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Маркетинг» мамандықтарының  студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде факультет деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Б.Досов кіріспе сөз сөйледі. Келесі сөз алған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Р.Т.Бисенов сыбайлас жемқорлықтың мәні, орын алу себептері, қоғамға тигізетін зияны, алдын-алу шаралары туралы мәселе көтерді. Қоғамда орын алған сыбайлас жемқорлық фактілерінен мысал келтірді. Семинар мазмұнына қатысты бейне роликтер көрсетілді.  Сонымен қатар «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының  2 курс студенті Ақзеріп Есенжолова «Жемқорлық – қоғам қаупі» тақырыбында баяндама жасаса,  «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 3 курс студенті Карина Толебаева «Коррупция глазами студентов» тақырыбында ойын ортаға салды.

Шара барысында факультет студенттері арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижесі таныстырылды. Семинарды  аталған департамент басшысының орынбасары Р.Т.Бисенов қорытындылады.