Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Италияда бақ жарыстыруға Ақтөбелік аттанбақшы

Италияда бақ жарыстыруға Ақтөбелік аттанбақшы

Бабы мен бағын қатарынан сынға салмақшы Ақтөбелік Айбек Қамзенов Италияда өтетін дүниежүзілік студент-жастар арасындағы 30-шы спорттық универсиадаға жолдама алды, деп хабарлайды

2019 жылы Италия елінің Неаполь қаласында өткізілмекші Жазғы Универсиадаға Жұбанов университетінің студенті Айбек Қамзенов суға жүзу спортынан қатыспақшы.

Ақтөбе қаласында өткен республикалық жазғы универсидада 5 алтын медалға ие болған Айбек әлемдік сайыстың іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Айбектің айтуынша шілденің 3 мен 14-і аралығында өтетін жарысқа Алматы қаласынан шілденің алғашқы күні аттанбақшы екен.

Спортшы бүгінге дейін көптеген жарыстарда топ жарып, жетістіктерге қол жеткізіп келеді.

Суда жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасы ашық чемпионатының жеңімпазы, Болгария елінің София қаласында өткен Болгария ашық халықаралық турнирінде 200 метр қашықтықта брасс жүзуден күміс жүлдегер, 100 метр қашықтықта брасс жүзуден қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ Ашхабат қаласында өткен Азия ойындарында жүлделі 3-орынға қол жеткізді.

Қазіргі таңда «Достық» су спорты орталығында жаттығатын спортшының жеке тренері Азамат Сарбасов, өкінішке орай Неаполь қаласында өтетін әлемдік жарысқа бара алмайды екен.

 — Жаттықтырушы құрамым Алматы қаласынан болады. Стыбаев Канат Дулатович бастаған топпен жарысқа аттанамын,-дейді Қазақстан үмітін арқалап бара жатқан спортшы.