Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша алуға шақырады

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша алуға шақырады

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Мәңгілік Ел» идеясының шеңберінде 2014 жылдан бері «Серпін-2050» Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты жобасы жұмыс жасап келеді. «Серпін-2050» – жарқын болашақ жобасы оңтүстік өңірдің мыңдаған жас өрендеріне Солтүстік, Батыс, Шығыс Қазақстанның коледждері мен ЖОО-да сапалы білім алуға мүмкіндік береді. 

Жобаның басты мақсаты – еңбек ресурстарының мол артықшылығы орын алып отырған республиканың оңтүстік өңірінің (Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары) жастарын еңбек ресурстарына сұраныс көп батыс, шығыс және солтүстік аймақтарда білім алуға жағдай жасау. Жоба бойынша білім гранттарына ие болған студенттерге жатақхана беріледі және оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру қарастырылған.

2014 жылдан бастап талапкерлер «Серпін» бағдарламасымен Жұбанов университетінің техникалық, ақпараттық технологиялар және білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларына  түсіп келеді, бұл мемлекеттік бағдарламалардағы басымдық  болып  табылады.

2017 оқу жылында аталған жоба 250 білім беру грантын ұсынса, 2018 жылы 134 білім гранты бөлінді. Қазіргі уақытта университетте «Серпін» әлеуметтік жобасы бойынша  487 студент оқиды. 250-ден астам бітіруші түлектер жұмысқа орналасты.

Осы жобаның шеңберінде 2019 жылдың 13-20 шілде аралығында Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы және Жамбыл облыстарының мектеп бітірушілеріне арналған жоғары оқу орнының кәсіптік кеңесшілерінің мобильді тобы ұйымдастырылды. Сапар мақсаты — еңбек әлеуеті жоғары  өңірлерде жастарға кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ болашақ студенттерге университеттің  оқыту бағыттары туралы толық ақпарат беру.

Жұбанов университет өкілдерінің қабылдау пункттері:

  1. Қызылорда облысы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті — Б.Қ.Мұратбек (87019330713);
  2. Маңғыстау облысы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялық университеті – Ж.Ж.Қартбаева (87017256805);
  3. Түркістан облысы, Х.А.Ясауи атындағы қазақ-түрік Халықаралық университеті — Г.К.Бекетова (87718071188);
  4. Шымкент қаласы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – А.Ж.Әбденов (87016170906).