Жұбанов университеті төмендегі мамандықтар бойынша докторантураға қабылдайды.
Білім бағыты
1) 6D010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Гуманитарлық ғылымдар
2) 6D020300 – Тарих
3) 6D020500 – Филология
Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес
4) 6D050600 – Экономика
Жаратылыстану ғылымдары
5) 6D060100 — Математика
6) 6D060400 – Физика
Докторантураға түсушілердің өтініштері 25 шілдеге дейін қабылданады. Докторантураға қабылдау емтихандары 08 — 16 тамыз аралығында өткізіледі.
Докторантураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- ұйым басшысының атына өтініш;
- жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
- келесі бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса):
- кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- 3×4 өлшемдегі 6 фотосурет;
- 086 — У нысанындағы медициналық анықтама;
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- ғылыми және ғылыми — әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).
Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары тексеруге арналған. Тексеруден кейін түпнұсқа қайтарылады.