Четверг, Март 28, 2024
Басты > Жаңалықтар > ҰБТ-ны қайта тапсыру

ҰБТ-ны қайта тапсыру

Талапкерлерден ҰБТ (КТ) қайта тапсыруға өтініштер 25 шілде мен 3 тамыз аралығында қабылданды.  Екінші рет ҰБТ және КТ сынақтарын талапкерлер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыра алады. Сонымен қатар, түлектердің ұпай саны шектік балға жетпей қалса, нәтижесі жойылса немесе ҰБТ/КТ-ға қатыспаса емтиханды қайта тапсырады.

Еске салсақ, 2019 жылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында) өткізіледі.  Қаңтар, наурыз, тамыз айында өтетін тестілеуді тапсыру арқылы талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады.

Қайта тапсырылған тесттің қорытындысы сол күні Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланады.


ҰБТ-ға қатысу үшін талапкердің өзі қабылдау комиссиясына төмендегідей құжаттарды тапсырады:

белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

білімі туралы құжат (түпнұсқа);

086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

3×4 көлеміндегі 6 фотосурет;

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тестілеуге қатысу үшін төлеген ақы туралы түбіртек

— тестілеу бағасы – 2242 теңге. Тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ