Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университет спортшылары жеңіспен оралды

Университет спортшылары жеңіспен оралды

Ақтөбеде жексенбі  Металлургтер күніне арналған дуатлоннан кең көлемде жарыс салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  ұйымдастырылды. Спорттық доданың басты ерекшелігі — «жарысқа қатысамын» деп ниет білдірген мекеме, кәсіпорын қызметкерлері топ құрып, ұжымдық эстафетада қатысты.

Жарыс Тұңғыш Президент Ақтөбе саябағы алаңынан басталды. Кәсіби және әуесқой спортшылар үш түрлі шақырымды еңсерді. Алғашында олар 2,5 шақырым жүгіріп, 20 шақырым қашықтықты велосипедпен бағындырды. Ал соңында 2,5 шақырымға жүгіру сынағынан өтті. Аталмыш жарыста 25 шақырымды бағындырған Жұбанов университетінің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушылары Айбек Ғабдуллин мен Шыңғыс Төлеуов жүлделі 3 орынға ие болды.

Спорттық додаға  қатысқан әрбір әуесқой және кәсіпқой спортшылардың мойындарына бірегей медаль тағылып, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.