Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Серпіндік жастар республикалық форумға қатысты

Серпіндік жастар республикалық форумға қатысты

Ақтау қаласында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен  Маңғыстау облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасына қатысушы жастардың «Каспий серпін толқыны» атты республикалық форумы өткен болатын. Шара Ақтау қаласындағы «Хан-Шахар» салтанат сарайында өткізілді.

Форумға Ақтөбе облысынан Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен С.Бәйішов атындағы Ақтөбе университетінің студенттері қатысты. Сондай-ақ, бұл форумда Солтүстік, Орталық, Батыс және Шығыс Қазақстан облыстарының Серпіндік студенттері бас қосты. Форум жоғары деңгейде өтті.

Ұлттық жобалар басқармасы басшысы Табатаева Күлзия Қадырқызы «Балдәурен» демалыс орнында Қасиетті Маңғыстау жеріне келген серпіндік студенттерді жылы жүзбен қарсы алды. Демалыс орнында спорттық шаралар, қызықты ойындар, түрлі тренингтер  ұйымдастырылды. Ақтау қаласының көрікті жерлеріне саяхат жасалып, форумға қатысушы жастар қала мұражайын аралады. Жастар киелі Маңғыстау жерінің тылсым табиғаты мен қарт Қаспий теңізінің таза ауасынан ерекше әсер алды.

Форумға қатысуға қолдау білдірген университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлына Серпіндік жастар атынан  алғысымызды білдіреміз!

 

Нағима Койчукулова

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығының 2-курс студенті